Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 09:59
- 63
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр
Еліміздің ірі мегаполистері Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 — 529 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ұлттық банктің 20 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 524,02 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге. Еуро — 545,19.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527 теңге. Еуро 545,5 — 550,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.
.
Келесі мақала