Белгілі қазақстандық гимнаст, көркем гимнастикадан екі Олимпиадаға қатысқан Әлия Юсупова еліміздің гимнастика федерациясына басшы болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы өтті. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты. Конференция барысында федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференция қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.
Айта кетейік, Әлия Юсупова 2021 жылы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті қызметіне келген еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Таразда балалар ауруханасынан өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирді жеңіспен бастады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024