дүйсенбі, 20 сәуір, 2026 10:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ерлік Сертай Будапешттегі Гран-приде күміс жүлде жеңіп алды

Ерлік Сертай Будапешттегі Гран-приде күміс жүлде жеңіп алды
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық шпагашы Ерлік Сертай Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Гран-при кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Отандасымыз 1/32 финалда оңтүстіккореялық Ён Хо Намды 15:6 есебімен жеңді. Одан кейін венгриялық Левенте Бутаны 13:12 есебімен, сондай-ақ, әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Гергеи Шиклошиді (Венгрия) 15:12 есебімен ұтты.

Ширек финалда Ерлік чехиялық Якуб Юрканы 15:9 есебімен жеңсе, финалға шығу үшін өткен кездесуде швейцариялық Ян Хауриден 15:12 есебімен басым түсті.

Ал шешуші сында Сертай венгриялық Давид Надьге 12:15 есебімен есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар