Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 285 млн долларға жуықтаған
Түркияға ет экспорты артады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Біз қазір ет және ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету шараларын қабылдап жатырмыз. Осыған орай Түркияның ветеринариялық қызметімен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, етті Түркияға экспорттауға ниетті кәсіпорындар бойынша келіссөздер жүргізудеміз», - деді вице-министр Сенат кулуарында.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 285 млн долларға жуықтаған. Қазақстаннан негізінен дәнді және бұршақты дақылдар экспортталады. Ал Түркиядан жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақтар импортталады.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Елімізде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3 пайызды құрады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 сәуір, 2026
Экономика
Елдегі дүкен сөрелерінде отандық өнімдердің үлесі 83%-ға жетті
- авторМағжан Орынбасар
- 13 сәуір, 2026






