Пандемия қоры Қазақстанға 46 млн доллар көлемінде өтеусіз грант берді
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2024
- 560
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Пандемия қоры Қазақстанға 46 млн көлемінде өтеусіз грант бөлді, деп хабарлайды jambylinfo.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Пандемия қорының гранты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сторидің, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыланың, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басудың, дипломатиялық миссиялар өкілдерінің қатысуымен Астанада өткен кездесуде ресми түрде іске қосылған.
«Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды. Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталады», - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Бұл гранттың орындалуын ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі үйлестіріп, Денсаулық сақтау министрлігіне техникалық қолдау көрсетеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз