сенбі, 9 қараша, 2024 5:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлытауда балаларды құлдықта ұстаған әйел қамалды

Ұлытауда балаларды құлдықта ұстаған әйел қамалды
Сурет: baigenews
Ол жетімдер үйінен асырап алған үш ағайынды баланы қыстаққа апарып, жұмысқа шеккен

Ұлытау облысында бір үйдің үш жетім баласын асырап алып, оларды қиын жұмысқа жеккен әйел адам қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Бұл туралы Бала құқығы жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева хабарлап отыр. Бұған дейін Динара Зәкиева үш баланың адам айтса сенгісіз жағдайда өмір сүргендерін, ал оларды асырап алған әйел неше жыл бойы үкіметтен жәрдемақы алып отырғанын жазған еді. 

«Бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген.Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген.  Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала сөз жүзінде ғана колледжде оқиды", - деген еді Зәкиева. 

Ал, соңғы мәліметтерге сенсек, әйел адамды тиісті органдар уақытша қамау изоляторына жапқан. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар