сенбі, 23 қараша, 2024 22:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пандемия сән индустриясына қалай әсер етті?

Пандемия сән индустриясына қалай әсер етті?
ашық дереккөзі
Пандемия сән индустриясына қалай әсер етті?
Сән индустриясы – экономиканың ең бір креативті үлгісі. Дендеген пандемия әсіресе сән индустриясына, тоқыма және тігін өнеркәсібіне айтарлықтай соққы берді. Жаппай оқшаулауға көшу киім киісімізді өзгерткені рас, бұған әлем бойын­ша киім сатылымының күрт төмендеуін қосыңыз. Мысалы, сән астаналарының бірі саналатын Миландағы дүкендердің 25%-ның жабылу қаупі бар. ISTAT-тың мәлімдеуінше, карантин кезінде Италиядағы өнеркәсіп өндірісі 29,3%-ға төмендеген, «бұл 1990 жылдан кейінгі елдегі ең үлкен құлдырау».  
Артық өндіріс. Дағдарыс сән әлемінің басты мәселесі – артық өндірістің бар екенін көрсетіп берді. Бұған дейін бренд­тер жылына алтыдан се­гізге дейін коллекциялар шы­ғаруға үйреніп алған еді. Бірақ жаңа экономикалық жағ­дай бұрынғыдай аста-төк жиын­дар­дың мүмкін емес екенін ай­қындап отыр. Америкалық сән ди­зайнерлері кеңесі (CFDA) және британдық сән кеңесі (BFC) сән индустриясының қатысу­шыларына үндеу тастады және жаңа жағдайға бейімделу бойын­ша бірқатар ұсыныстар берді. Мә­лімдемеде реформаның әр­түрлі бағыттары, соның ішін­де өндірісті бәсеңдету, артық өн­­дірудің алдын алу мақса­тын­да тұ­тынушылардың қажет­ті­ліктеріне мұқият қарау, сондай-ақ коллекциялардың санын жылына екіге дейін азайту, одан гөрі сапалы бұйымдар жасау қа­жеттігі айтылған. Хатта 2021 жылғы көк­темгі коллекция­лар виртуалды форматта көрсетілетіні белгі­лен­ген. Карантин шектеулері алын­ғаннан кейін, әлемдік сән күнтізбесіне сәйкес CFDA және BFC сән көрсетілімдерін сән ас­таналарының бірінде өткізуді ұсынып отыр. Сән рәсімі виртуалды форматта сыналуда. Белгілі дизайнер, Сән және тоқыма музейінің құрушысы, «ZHUZBAY» брен­дінің авторы Айжан Жүзбай ендігі жерде сән брендтері стандартты және үйреншікті мата мен материалдарға балама іздей бастағанын айтады. – Қазір эстетика мен функцио­налдылықты қамтамасыз ететін жоғары технологиялық материалдарды жасау, қолдану бас­ты бағыттардың біріне айналды. Жаңа технологиялар ауқымында қолданылатын және қоршаған ортаға зиян келтіретін жа­ңа тал­шықтарды, тоқыма материалдарын, әрлеу материалдарын жасауға көбірек көңіл бөледі деп күтілуде. Сондай-ақ біздің елде де нанотехнология мен ғылымға назар аударып, қаражат молынан бөліну керек. Мен тоқыма өндірісі бойын­ша магистрлік білім алдым, сол кездегі нано мата жобамды «QAZDETEX» ЖШС-і негізінде әрі қарай кәсіби түрде жалғастырып келемін, – дейді Айжан Жүзбай. Оның айтуынша, Лондон, Милан және Парижден шыққан сәнді брендтер карантин кезінде тікелей эфирден сәлем жолдап, көрермендер тарапынан ондаған миллион пікір жинаған. «Италияның ұлттық сән палатасы (Camion Nazionale della Moda) SS’21 ерлер топтамасы мен SS’21 әйелдер топтамасын тікелей эфирде көрсететінін мәлімдеді. Осылайша, Милан мен Парижде өтетін сән апталықтарының дәс­түрлі кезегі аяқасты өзгерді. Ен­ді барлығы басқаша болады», дейді ол. Ондаған жылдар бойы сән индустриясында жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі маманның айтуынша, әлемдік тәжірибеде дизайнерлердің салондары кә­сіби көрсетілімдер орны болып саналады. Ал посткеңестік елдерде бұл тек сауда нүктелері ретінде қарастырылуы басым. Сондықтан кәсіби көрме залын құру кезінде дизайнерлерді ғана емес, сатып алушыларды да тарту қажет. – Қазақстанда жеңіл өнеркә­сіпті дамыту үшін салықтық же­ңілдіктер жасау, сондай-ақ қажетті мөлшерде өндіре алмайтын маталар мен аксессуарлардың импортына кедендік бажды азай­ту немесе тіпті алып тас­тау қажет. Себебі кеден бажы тауар­дың негізгі бағасын өсіріп, тауардың тез сатылуына кесірін тигізеді. Бұл шешімдерді орындау қысқа мерзімде мүмкін емес, оған нақ­ты, жүйелі қадамдар керек, – дей­ді Айжан Жүзбай. ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гурриа пандемиядан туындаған экономикалық құлдыраумен тағы бірнеше жыл күресуге мәж­бүр боламыз деген еді. Кей­бір де­реккөздерге сүйенсек, пан­де­мияға байланысты интернет саты­лымы Қытай нарығында 15-25%-ға, Еуропада 5-20%-ға, АҚШ-та 30-40%-ға төмендеген. Қазақ­стандықтар арасында да бөлшек сауда көлемінде айтарлықтай өз­­геріс бар. Ranking.kz-тің хабар­лауын­ша, тек сәуірдің өзінде өт­кен жылдың сәйкес кезеңімен са­­лыстырғанда сату көлемі 495,7 млрд теңгеге (40,9%) түскен көрінеді. Сән индустриясы бәсеңдеген тұста шектеулі коллекциялар саны азайып, дағдарыстан өте алмаған көптеген жергілікті брендтер жұмысын тоқтататыны белгілі. Ал ірі брендтер аймақ­тар­дағы дүкендер санын қыс­қар­тады деп болжануда. Корона­вирустың әсерінен сән индус­триясы қандай өзгерістерге ұшы­раса да, жаңа жағдайға бейім­делу оңай соқпай тұр. Сән сарап­шысы Дэвид Рат­моко атап өт­кендей, оқшаулану ере­желері тағы бірнеше жылға созылар бо­лса, сән индустриясы 20 жыл бұ­рын­ғы кебіне қайта оралуы мүм­кін.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар