жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шаруаларға револьверлік кредит беру басталады

Шаруаларға револьверлік кредит беру басталады
Фото: АШМ
Биыл ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында шаруаларға револьверлік кредит беру қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Биыл ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті, - деді Айбардек Сапаров.

Айтуынша, ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады.

- 1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады. Бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді, - деді министр.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар