Қазақстанда биылғы астық жинау науқаны толығымен аяқталды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қараша, 2025
- 210
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биылғы жыл дәнді дақылдармен қатар бұршақты және майлы дақылдар өндірісі тұрғысынан да ерекше нәтижелі болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
16 миллион гектар алқаптан гектарына орта есеппен 17 центнерден өнім алынып, ел қамбасына жалпы көлемі 27 миллион тонна астық құйылды. Оның ішінде бидай 12,2 миллион гектардан жиналып, 20,3 миллион тонна өнім бастырылған.
Сондай-ақ шамамен 4 миллион тонна арпа жиналды. Бұршақ дақылдарының өнімі алғаш рет 1 миллион тоннаға жетіп, бұл да сала үшін жаңа рекорд болды. Майлы дақылдар бойынша да оң нәтиже тіркеліп, бүгінгі күнге дейін 4,3 миллион тонна өнім алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Бұдан бөлек, 2,9 миллион тонна картоп, 3,8 миллион тонна көкөніс және 2,6 миллион тонна бақша дақылдары жиналды.






