жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Шығындар айтарлықтай өсіп жатыр»: Әлихан Смайылов бюджет тапшылығы бойынша бірқатар проблеманы атап өтті

«Шығындар айтарлықтай өсіп жатыр»: Әлихан Смайылов бюджет тапшылығы бойынша бірқатар проблеманы атап өтті
Сурет: gov.kz
Сонымен қатар, бірқатар ұсыныстарын да жеткізді

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бюджет тапшылығы мәселесін сөз етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, соңғы жылдары мемлекеттік шығындар айтарлықтай өскен. Бұл ретте  мұнайдан түскен пайдадан бөлек, таза кірістермен қамтамасыз етілуі 50 пайыз деңгейінде. Егер көрсеткіш жақсармаса, Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша берген президент тапсырмасы арманда кетуі әбден мүмкін.

«Қалған алшақтық негізінен Ұлттық қордан берілетін трансферттер және қарыздар тарту есебінен жабылады. Сондықтан тапшылықты сақтау жеткіліксіз. Тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар қажет. Ұлттық қорды басқару жөніндегі нормативтік құқықтық база тұрақтылықты қажет етеді. Әйтпесе біз Мемлекет басшысының Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға дейін ұлғайту жөніндегі алға қойған мақсатына қол жеткізбеу тәуекелдерін көріп отырмыз»,- деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар