Елімізде
Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға сотталды
- авторИндира Тәліпқызы
- 21 маусым, 2024
- 651
Бұл туралы Түркістан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады
Сот "Ұйықтап жатқан екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірді" деп айыпталған 31 жастағы Бота Хамитқызына 15 жыл жаза кесті-деп хабарлайды jambylinfo. kz.«Qazaqstan» телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Ол жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейді. Бұған қоса сот оны өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқынан айырған.
Сотталушы ауыр қылмыс жасауына күйеуіне деген өкпе-реніштің себеп болғанын айтқан. Айыпталушы созылмалы психикалық аурумен ауырмаған.
Ол балаларын аффект жағдайда өлтірмегені анықталған. Еске салайық, 15 жыл жаза арқалаған Бота Хамитқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде мұғалімі болып жұмыс істеген.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024