«Теңге құлдырады». Бағам бір айда бес пайыздан аса мөлшерде төмендеді
- авторМағжан Орынбасар
- 1 шілде, 2024
- 728
ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуал және теңге бағамындағы ахуал туралы есеп берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің мәліметінше, маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5,5 % — ға, яғни бір доллар үшін 471,84 теңге деңгейіне дейін әлсіреді.
KASE — дегі сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі де 251-ден 183 млн долларға дейін 30% - ға төмендеген. Ал, сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,7 млрд долларды құрады. Маусым айында Ұлттық қор республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін 420 млн доллар сатты. Бұл сатылымдар жалпы сауда көлемінің 11% құрады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін Ұлттық Банк валютаны — 293 млн долларды сатып алды. Болжамы бойынша шілде айында Ұлттық банк Ұлттық қордан 450-550 млн доллар сатпақ. Сонымен қатар, БЖЗҚ активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 250-350 млн доллар сатып алмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024