сәрсенбі, 24 шілде, 2024 18:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұлдызай Дүйсенбиеваны дәрігерлер «өлесің» деп қорқытқан

Жұлдызай Дүйсенбиеваны дәрігерлер «өлесің» деп қорқытқан
Коллаж: jambylinfo.kz
Ақ халаттылар оның басындағы ісікті рак деп ойлаған

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның басының артқы бөлігінде түйін пайда болып,  қатты уайымдаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында жариялаған. Танымал актриса көлемінің үлкендігі  басындай  болған ісікті көрген  дәрігерлерден «бұл жаман ауру, өлесің» деген сөз естіген. Алайда сабыр сақтап, бұл туралы ешкімге тіс жармаған актриса нейрохирург досының арқасында дертінен құлан таза айыққанын жеткізді.

Актрисаның жазылуына септігі тиген нейрохирг Асқар есімді досы күні-түні ем жүргізіп, оның жазылып кетуіне ықпал еткен. Бүгінде актрисаны мазалаған түйін-дерттің ізі де қалмапты.

Өнер иесінің айтуынша, ажалдан арашалап қалған дәрігеріне аоғысы шексіз.

“Нейрохирург досым арнайы Алматыға ұшып келіп, қарап, бір аптада емдеп шықты. Ешқандай ота жасамады. Ауруды дұрыстап түсіндіре алмаймын, оны өзі дәрігерлердің тілімен айту керек. Бірақ қазір жағдайым жақсы, бірден жазылып, қайта жұмысқа шықтым", – дейді актриса.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар