бейсенбі, 4 шілде, 2024 22:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық спортшы Асылжан Орынбасарова самбодан Азия чемпионы атанды

Жамбылдық спортшы Асылжан Орынбасарова самбодан Азия чемпионы атанды
Сурет: jambylinfo.kz
Ол 65 келі салмақта бақ сынаған болатын

Жамбыл облысының спортшысы Асылжан Орынбасарова Қытайдың Макао қаласында өткен ересектер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбо жарысында Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Жаһандық додада ел құрамасы сапында спорттық самбодан 65 келіде бақ сынаған Асылжан Орынбасарова Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы атанды. Айта кетейік, үш күнге созылған бәсекеде Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы  жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ел құрамасы  спорттық және жауынгерлік самбодан  15 алтын, 7 күміс, 4 қола медаль олжалап, жалпы есепте топ жарды», - деп хабарлайды спорт басқармасы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар