сәрсенбі, 3 шілде, 2024 11:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғызстанда қаза болған төрт бала – ШҚО тұрғындары

Қырғызстанда қаза болған төрт бала – ШҚО тұрғындары
Сурет: ШҚО әкімдігі
Олардың мәйіті бүгін туған жерлеріне жетті

Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Анықталғандай, қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен бірге туыстарына қонаққа барған.

«Туристік аймаққа түскен сел кішкентай шығысқазақстандықтардың өмірін қиып, өңірдің барлық тұрғындары үшін қайғылы жағдайға айналды. Бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездескен.

«Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар