бейсенбі, 4 шілде, 2024 21:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытай Орталық Азиядағы ең ірі сауда тарату орталығын Қазақстанда салмақ

Қытай Орталық Азиядағы ең ірі сауда тарату орталығын Қазақстанда салмақ
Сурет: Сауда және интеграция министрлігі
Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
  
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасы әрі осы компанияның негізін қалаушы Ю Вэйцзя кездесіп, Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім етті.

«Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қытай тарапы жобаны жақын арада іске асыруды көздеп отыр», - деп хабарлады министрлік.

Айта кетейік, бұл жоба өңірде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар