Елімізде ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға қажетті отандық биопрепараттарға сұраныс артқан
- авторjambylinfo.kz
- 1 шілде, 2024
- 463
Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова жетекші ғылыми институттардың жұмысымен танысып, онда атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Институт өкілдерінің айтуынша, соңғы үлгідегі жоғары технологиялы құрылғылармен жабдықталған институт маңындағы зауыт жылына 70 тонна биопрепарат шығаруға қауқарлы.
«Жалпы, отандық әзірлемелерге деген сұраныс күн санап артып келеді. Оған соңғы 3 жылдағы сатылым көрсеткіштері дәлел. Мәселен, бұршақ дақылдарының өнімділігін арттыруға көмектесетін «Плантобактерин» биотыңайтқышы 2022 жылы 4,5 мың литр көлемінде сатылса, былтыр бұл көрсеткіш екі есе артқан. Өнімді отандық нарықтан бөлек экспортқа шығару мүмкіндігі де бар. Алайда, қолданыстағы зауыт барлық сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Сол себепті оны кеңейту қажет»,-деген институт қызметкерлері.
Институт жұмысына оң баға берген Тамара Дүйсенова институт алдында тұрған бірқатар мақсаттарға мән берді.
«Ғалымдардың қолынан шыққан өнімдердің сұранысқа ие болуы қуантады. Бұл – жұмыстың тек басы ғана. Алға қойылатын негізгі мақсат – отандық өнімдердің үлесін арттыру. Өндіріс көлемінің кеңеюі оны орындауға жол ашады деген сенімдемін», — деді Тамара Дүйсенова.
Айта кетейік, Микробиология және вирусология институтының ғылыми-өндірістік орталығының құрамында 9 ғылыми зертхана бар. Мұнда жалпы 170 адам жұмыс істейді. Ғалымдар отандық өндірістің дамуы жолында бірқатар жобаларды сәтті жүзеге асырып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024