сенбі, 28 желтоқсан, 2024 1:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдықтарды толғандырған мәселе

Жамбылдықтарды толғандырған мәселе
ашық дереккөзі
Жамбылдықтарды толғандырған мәселе

Зейнетақы қорынан кімдер қаржы ала алады? Қорда жеткілікті шектен аса қаржысы болса және оны нысаналы мақсатқа пайдаланғысы келсе не істеуі керек? Дәл осы сауалдар қазіргі таңда қоғамда қызу талқыға түсіп, қазақстандықтарды толғандырған мәселеге айналды. Көптің көкейінде жүрген осы сауалдардың жауабын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалының директорынан сұрап, анық-қанығын білген едік.

Облыстық филиалдың директоры Абдманат Еспаевтың айтуынша, өткен 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша жалпы елімізде 761 мыңнан астам азамат зейнетақы қорындағы қаржысын мерзімінен бұрын пайдалана алады екен. Соның ішінде шамамен 15,5 мың адам – біздің облыстың тұрғындары. – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес, азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге жұмсай алады. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқықтары бар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жарналары бар адамдар сол жинақтарының бір бөлігін өзіне немесе жұбайына, жақын туыстарына қатысты жоғарыда аталған мақсаттарға пайдалану құқығын қолдана алады. Ол үшін алдымен зейнетақы қорындағы қаржысын білуі керек. Зейнетақы жинақтарындағы қаржысы белгіленген ең аз жеткіліктілік шегінен асуы тиіс, – дейді А.Еспаев.

Зейнетақы қорындағы жеткілікті шек мөлшері: 30 жас – 2 миллион 538 мың теңге; 35 жас – 2 миллион 961 мың теңге; 40 жас – 3 миллион 437 мың теңге; 45 жас – 3 миллион 947 мың теңге; 50 жас – 4 миллион 495 мың теңге; 55 жас – 5 миллион 84 мың теңге; 59 жас және одан әрі қарай – 5 миллион 586 мың теңге.

Яғни болашақта салымшыны жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажет болатын салымшының қордағы есепшотында қалуы тиіс жинақ ақшасының ең төменгі мөлшерінен асқан қаржысы барлар ғана сол қаражатты уақытынан бұрын алуына болады. Жеткілікті шек салымшының жасына қарай белгіленген. Шекті соманы белгілеуді еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың зейнет жасында тиісінше зейнетақы алуы үшін салымшының есепшотында белгілі бір мөлшерде қаражаттың болуы шарт деп түсіндіреді. Филиал директорының айтуынша, зейнетақы қорында қанша қаржы бар екенін білу жолы да қарапайым екен. – Кез келген Қазақстан азаматы зейнетақы жинақтарының сомасын білуі үшін enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасында, «Telegram»-да онлайн режимін қолдана алады. Қордың корпоративтік сайтындағы Жеке кабинетте және ұялы қосымшада ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы ақпарат алуына болады. Егер ұялы қосымшаға кейіннен қайта кіретін болсаңыз, ұялы құрылғыңызда бар болса touch ID немесе Face ID-ді пайдалануға болады, – дейді филиал директоры. Зейнетақы қорыңыздағы қаржыны білгеннен кейін, егер жинағыңызда жеткілікті шектен аса, алуға болатын қаржыңыз барын білсеңіз, оны пайдалану жолы былайша өрбиді. – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тексергеннен кейін ондағы бір бөлігін пайдалануға ниеттенген азамат арнайы шот ашады. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне өтініш береді. Яғни уәкілетті операторға интернет порталы арқылы жүгінеді. Салымшы, яғни алушы біржолғы зейнетақы төлемін алған кезде төлейтін жеке табыс салығын төлеу тәсілін өзі таңдайды. Біржолғы зейнетақы төлемінен толық көлемде дереу немесе зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша зейнет жасына жеткенде ай сайын тең үлеспен төлейтінін өздері көрсетеді. Уәкілетті оператор екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. Ол хабарламада төлемге қабылданған өтініш туралы мәліметтер, яғни алушының алу мақсаты, толық аты-жөні, туған күні, ЖСН, өзі айқындаған мөлшердегі біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы, жеке табыс салығын ұстап қалу тәсілі қамтылады. Алушының электрондық цифрлық қолтаңба қойылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініші электрондық хабарламаға қоса беріледі. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті операторға салымшының (алушының) біржолғы зейнетақы төлемін оның арнайы шотына аударады. Біржолғы зейнетақы төлемінің сомасы уәкілетті операторда («Отбасы банкі» акционерлік қоғамы) ашылған салымшының арнайы шотында 45 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде сақталады. Егер осы аралықта салымшы уәкілетті операторға нысаналы мақсаттар бойынша құжаттарын ұсынбаса, қаржы БЖЗҚ-дағы салымшының жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Осылайша азаматтардың зейнетақы қорынан біржолғы төлемін нысаналы мақсатта қолдану мәселесі бойынша барлық өтініштері уәкілетті операторға «бір терезе» қағидатымен келіп түседі және қаралады. Азаматтардың БЖЗҚ-ға өтініш беруі талап етілмейді. Егер азамат түрлі инвестициялық стратегияларды ұсынатын инвестициялық портфельді басқарушыларды (ИПБ) дербес таңдау арқылы міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен өзінің зейнетақы жинақтарын басқаруға қатысса, жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару үшін БЖЗҚ-ның өңірлік кеңселеріне жеке өзі жүгінеді. Немесе электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, БЖЗҚ-ның интернет ресурсы арқылы қашықтан БЖЗҚ-ның ішкі құжатында белгіленген нысан бойынша өтініш беруі қажет, – дейді Абдманат Түреханұлы. Биылдан басталған қазақстандықтардың зейнетақы жинағынан бір бөлігін нысаналы мақсатқа пайдалану құқы да халықтың жағдайын жақсартуға негізделіп отыр. Әрине, жеткілікті шектің белгіленуі туралы ел ішінде сөз көп. Бұл азаматты ең төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмайтын айлық зейнетақымен қамтамасыз етуге (инфляцияны есепке ала отырып), өмір бойы зейнетақы төлеуге (азаматтар орташа есеппен 73,2 жыл өмір сүреді деп есептегенде, зейнетке шыққаннан кейін 22 жыл бойы) жететіндей болуына, болашақта ең төменгі еңбекақыдан тұрақты (жылына 12 рет) төлеп тұратын зейнетақы жарнасы есепке алынып белгіленген. Яғни азаматтардың жасына қарай зейнетақы қорында қалуы тиіс қаржы ең төменгі жалақыдан кем емес табысынан БЖЗҚ-ға ай сайын тұрақты түрде аударатын 10 пайыз зейнетақы жарнасының ескерілуімен 82 жасқа дейін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (38 636 теңге) кем болмайтын зейнетақымен қамтиды.

Нұрдаулет Асан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар