жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Электронды билетке үйрендіңіз бе?

Электронды билетке үйрендіңіз бе?
ашық дереккөзі
Электронды билетке үйрендіңіз бе?
Былтыр Таразда қалаішілік жолаушылар тасымалына қатысты қоғамдық көліктерді жаңалау, жанармаймен жүретін автобустарды газға ауыстыру, электронды жол жүру билетін енгізу секілді бірқатар жаңашылдықтар орын алғаны белгілі. Әсіресе ең негізгісі – «TULPARCARD» электрондық билеттендіру жүйесінің енгізілуі. Жұрт сол кезде жаңа жүйемен бірге сапалы қызмет тұтынуға да қол жеткіземіз деп үміттенген еді. Бірақ қоғамдық көлік жүргізушілері аялдамадан аялдамаға жоғары жылдамдықпен жүйіткуін әлі қоятын емес. Себеп – соңындағы келе жатқан келесі бағыттағы автобусты алдына шығармай, аялдамаға бірінші болып жету. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолаушы күтіп аялдамада ұзақ тұрып қалуы да күнде болып жатқан жайт. Мұндай сәттерде жұмысына асыққан тұрғындардың айқай шығарғанына да талай куә болғанбыз. Кейбір жолақы жинаушылар соңғы тасымал барысында «TULPARCARD» билеті бар жолаушылардан қолма-қол 65 теңгемен есеп айырыса беруін сұрап қиылғанда қайран қалғанбыз. Қоғамдық көлік жүргізушілеріне көңілі толмайтын қала тұрғыны Жанар Халықованың да пікірі біздің ойымызды дөп басты. – «TULPARCARD» электрондық билетінің жолаушы үшін тиімділігі айрықша екенін айта кеткен жөн. Өйткені бұрын жолақыны қолма-қол төлеу барысында қалдық ақшаны кері қайтару, біреудің ұсынған ірі ақшасының ұсақталуын күту асығыс адамның уақыт үнемдеуіне кедергі жасайтын. Электронды төлем арқылы қазір ешкім тиын санап жатпайды. «TULPARCARD»-тың мобилді қосымшасы арқылы да тұрғындар жолақысын төлеп және бала-шағасының қандай автобусқа мінгенін, қайда барғанын, картада қанша ақша қалғанын бақылап отыра алатын мүмкіндікке ие болды. Алайда жолаушы тасымалдауда сапалы қызмет тек жолақы төлеу мәселесімен ғана шектелмеуі керек. Таңертең және кешке кейбір автобус жүргізушілерінің көлікте адам емес, ағаш артып келе жатқандай болуы, көлікте ине шаншар орын болмаса да жолаушыны үсті-үстіне алуы, кейбірінің аялдамадан кеткісі келмей, орнынан әзер қозғалуы секілді жайттар бұрыннан бар мәселе. Осындай жайсыздықтар ретке келтірілмей, халық сапалы қызмет тұтынып отыр деуге әлі ерте, – дейді Ж.Әділқызы. Осы орайда бірді-екілі қоғамдық көлік жүргізушілерін де сөзге тартып көрдік. Жүргізушілердің кейбірі газетке пікір беруден ат-тонын ала қашса, енді бірі бұған жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялардың кінәлі екенін жеткізді. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар