сенбі, 28 желтоқсан, 2024 1:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалы ауданына - жаңа жабдық

Жуалы ауданына - жаңа жабдық
ашық дереккөзі
Жуалы ауданына - жаңа жабдық
Жуалы аудандық орталық  ауруханасына  облыстық денсаулық  сақтау басқармасының  жоспарланған бюджет есебінен  электроэнцефалография  жабдығы  алынып, аудан халқына пайдалануға берілді. Эпилепсияның біріншілік кезеңін ерте анықтауға арналған құрылғымен науқас тәуліктік тексерілуден өтеді. Онда мидың белгіленген бөлігіндегі ошақты көрсетумен қатар, ұстама кезіндегі жағдайлар да анықталады. Осы диагностиканың арқасында медициналық талдау-зерттеу қорытындысы жасалып, жедел түрде ем тағайындалады. Бүгінде Жуалы ауданы бойынша эпилепсия ауруымен  48  науқас невропатолог дәрігердің диспансерлік  есебіне  алынған. Аталмыш құрылғыға тексерілу үшін пациенттер тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға дәрігердің тағайындамасымен барып, өте алады. Бұл жаңа әдіс – қазіргі заманғы аса перспективті тәсіл болып табылады. Сондай-ақ, бұл жабдықтың көмегімен құрсақтағы нәресте миының ұдайы электрлік белсенділігін де  анықтауға болады, тіпті  терең кома (терең ұйқыға ұқсас ессіз күй) мен наркоз кезіндегі ми толқындарының сипатты суретін де анықтауға мүмкіндік бар.  Жалпы, электроэнцефалография медицинада мидағы ісіктің аумағын анықтау үшін, мидың дәрі-дәрмектік препараттарды енгізуге және енгізгеннен кейінгі функционалдық күйін бағалау үшін қолданылады.   Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар