Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уақыт белдеуінің ауысуына байланысты намаз уақыты да өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
ҚМДБ өкілдері 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгеретінін хабарлап отыр.
Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің ресми сайты - www.muftyat.kz сайтында кез келген ауыл немесе қаладағы намаз уақытын көріп, тексеріп алуға болатынын еске салды. Ал жұма намазына қатысты мәлімет төмендегі кестеде көрсетілген:
Айта кетейік, еліміздің 15 өңірі 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытады.