Тәртіп сақшылары қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ІІМ "Ayana Plaza" тұрғын үй кешені құрылысының тоқтатылғанына қарамастан, құрылыс салушы пәтер сату сылтауымен азаматтардың қаражатын заңсыз алуды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Елорда полициясы "Ayana Plaza" ТК құрылысына арналған үлескерлердің ақша қаражатын алдап алу жолымен иемденді деп "Kaztelematica" ЖШС, "Kaztelematica group" ЖШС және "Building Company" ЖШС басшыларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Қазіргі уақытта полицияға 110 жәбірленуші арызданған, бірақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп екені анықталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын қызметінен босатты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024