сәрсенбі, 9 қазан, 2024 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АЭС еліміздің экономикасын көтеру үшін қажет – Мектеп директоры

АЭС еліміздің экономикасын көтеру үшін қажет – Мектеп директоры
Ашық дереккөз
Президент Жолдауында АЭС салу бойынша референдум өтетінін айтты Қордай ауданындағы №16 М. Лермонтов атындағы орта мектебінің директоры Джинлир Гащим әлемде атом энергетикасы сұранысқа ие екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мектеп директоры маңызды бастама бойынша референдум өткізу – дұрыс шешім екенін айтты. Сонымен қатар, АЭС-тің елімізге берер пайдасы көп екенін жеткізді.

“Қазақстан экологиялық таза болашаққа бет бұруда және атом энергетикасы бұл процесте шешуші рөл атқарады. Атом электр станцияларының құрылысы елге қоршаған ортаны ластамайтын қауіпсіз және сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. АЭС қалдықтардың ең аз мөлшерін шығарады. Көмірқышқыл газын шығармайды және тұрақты энергиямен қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істей алады. Бұл таза технологиялар мен тұрақты даму саласында көшбасшы болуға ұмтылатын ел үшін маңызды қадам. Атом энергетикасы Қазақстанға өзінің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске елеулі үлес қосуға көмектеседі”,-деді Қордай ауданындағы №16 М. Лермонтов атындағы орта мектебінің директоры Джинлир Гащим

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар