жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді

Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Синоптиктер ел тұрғындарына ескерту жасады

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 19 қыркүейекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауса, Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. 

«Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді», — деп болжайды синоптиктер.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар