сәрсенбі, 11 ақпан, 2026 20:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

15 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

15 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды
Pixabay.com
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2026 жылдың басынан бері 15,7 мың азамат, оның ішінде 4,3 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 24,9 мыңы – ағымдағы жылы тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті.

Оқуды аяқтаған 4,3 мың жұмыссыз азаматтың ішінде, негізінен Шымкент қаласынан (1 492 адам), Қарағанды облысынан (631 адам), Ақтөбе облысынан (427 адам) – жастар (16–35 жас аралығындағы) басым болды.

Бүгінгі таңда Платформада авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 568 курс жариялады, оның 385-і – тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 2-дан 72 сағатқа дейін.

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді. 2026 жылғы қаңтар айында сертификаттардың ең көп саны мына курстар бойынша берілді: «Введение в социальную работу» (172 сертификат), «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении» (758 сертификат), «Кассир» (1 000 сертификат), « Курс по финансовой грамотности » (851 сертификат).

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдап, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін мынадай артықшылықтар бар: кеңейтілген курстарды іздеу мүмкіндігі, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылай алу және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесе алу. Пайдаланушыларға жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қолжетімді, ол қажетті ақпаратты жылдам іздеуге және сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеруі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарын ұсыну функциясы қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада оқуды сәтті аяқтаған сертификат иелерін көре алады.

Платформада онлайн курстарды авторлар мен әзірлеушілер тегін орналастырады. Курстарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, ақпарат әртүрлі форматта: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа да әдістермен берілуі тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастыру, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттарды түрлі дизайнда жасау, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькуляторды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуге болады. Қосымшаны Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар