жексенбі, 13 шілде, 2025 22:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылы зейнет жасына қатысты өзгеріс болады ма

2025 жылы зейнет жасына қатысты өзгеріс болады ма
Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстанда ерте немесе кейінге шегерілген зейнетке шығу жүйесі енгізіле ме? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді.

Министрдің айтуынша, бұл тақырып талқыланғанымен, нақты шешім әлі қабылданбаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.

– Жоқ, зейнетақы жүйесінде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Ерте шығу немесе кейінге қалдыру мәселелері тек талқылау деңгейінде болды. Қазіргі уақытта зейнетке шығу құқығына көпбалалы аналар ие – олар бес баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірсе, 53 жасында зейнетке шыға алады. Ал әскери қызметкерлер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері еңбек сіңірген жылдарына қарай немесе шекті жасқа жеткенде зейнетке шығады, – деді Жақыпова парламенттің бірлескен отырысы кезінде.

Сондай-ақ министрден зейнетақы жинақтарын пайдалану шегін төмендету мүмкіндігі туралы да сұралды.

– Зейнетақы жинақтарының мақсаты – адамның қартайғанда қаржылай қамтылуын қамтамасыз ету. Сондықтан бұл қаражатты ерте жаста пайдалану – болашақта зейнетақының құндылығы мен маңызын төмендетеді. Сондықтан оны қазір шешудің қажеті жоқ шығар, – деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасында министрлік кейбір азаматтарға зейнетке ерте шығу мүмкіндігін қарастырып жатқандарын мәлімдеген. Бірақ ол үшін бұл адамдар зейнетақы қорынан төлем алмай, жұмысын жалғастыруы тиіс.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар