2026 жылы Қазақстанда әуежай инфрақұрылымы кеңейтіліп, халықаралық рейстер саны артады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:02
- 42
Азаматтық авиация комитеті 2026 жылға арналған авиация саласындағы ауқымды жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталады. Алматыда ішкі рейстерге арналған терминал жаңартылып, Ақтауда перронға күрделі жөндеу жүргізіледі.
Сонымен қатар Атырауда жаңа терминал салу, Павлодар әуежайын жаңғырту, ал Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысын толық аяқтау көзделген.
Әуе компаниялары тоғыз жаңа ұшақ сатып алып, әуе кемелері паркін 118 лайнерге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Алдағы жылы Қазақстан Еуропа, Азия, ТМД және Таяу Шығыс елдерімен әуе қатынасын кеңейтіп, Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Шанхай секілді қалаларға жаңа рейстерді іске қоспақ.




