Елімізде
Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:18
- 295
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) өз қалауынша таңдай алады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл жаңашылдық азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізілген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Енді көлік иелері кез келген қажетті цифрлар мен әріптер комбинациясын еркін таңдауға мүмкіндік алады.
— 5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда), — деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Келесі мақала




