Елімізде
+47 градус: Қазақстанда алдағы күндері аптап ыстық болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 шілде, 2025
- 1.0k
Қазгидромет мамандарының мәліметіне сүйенсек, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық болады.
Күндізгі уақытта ауа температурасы +35 градусқа дейін көтерілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал 4–5 шілде күндері еліміздің орталығы мен шығысында +40...+42 градус, оңтүстігінде +35...+40, кей жерлерде +43...+47 градусқа дейін ысиды. Солтүстікте 5 шілдеде айтарлықтай салқындайды – күндіз +25 градустан аспайды.
"Ел аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды", – деп түсіндірді синоптиктер.
Ыстық ауа райына қарамастан, оңтүстік аймақтарды қоспағанда, қалған өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Период ортасынан бастап солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ аралас нөсер болжанған. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.
Келесі мақала
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






