бейсенбі, 8 қаңтар, 2026 0:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

95 қазақстандық университет оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді

95 қазақстандық университет оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді
istockphoto.com
Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында уақыт талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектті қолдану дағдылары енгізілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта 95 университет оқу жоспарына жасанды интеллектке қатысты пәндерді енгізді.

Сонымен қатар 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы ЖИ бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар