жексенбі, 22 маусым, 2025 13:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақмола облысында ер адам трактордың астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында ер адам трактордың астында қалып, көз жұмды
Pixabay.com
Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ақмола облысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан ер адам трактор тиегіштің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға Державинск қаласынан екі шақырым жердегі дала жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, "Lunking" маркалы доңғалақты трактор тиегіштің кабинасында тек бір орын болғанына қарамастан, бір адам салонға кіріп, сүзгілер кассетасына отырып алған. Жолда келе жатып, тепе-теңдігін жоғалтқан ол трактордың жүріп бара жатқан дөңгелегінің астына құлап түскен. Ауыр жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Полиция мәліметінше, жүргізуші көлік тізгіндеген кезде мас болмаған. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Трактор арнайы тұраққа қойылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жұмыс берушілер мен арнайы техниканың иелері қауіпсіздік техникасы бойынша үнемі нұсқаулық өткізіп, техниканы дұрыс пайдалану талаптарының орындалуын қадағалауы тиіс.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар