жексенбі, 18 мамыр, 2025 21:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақордада Қазақстан мен Вьетнам арасында жаңа ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды

Ақордада Қазақстан мен Вьетнам арасында жаңа ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды
Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді

Бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Ламның ресми сапары аясында екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР Әділет министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Әділет министрлігі 2025–2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасын бекітті. Құжатқа Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Вьетнамның Әділет министрі Нгуен Хай Нинь қол қойды.

Бағдарлама келесі бағыттар бойынша әріптестікті кеңейтуді көздейді:

азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету;

мәмілелерді тіркеу және сот ісін жүргізу барысында заң көмегін ұйымдастыру;

сот шешімдерін орындау тәжірибесімен алмасу;

сот сараптамасы саласындағы өзара тәжірибе;

құқықтық құжаттар мен басылымдармен алмасу.

Аталған келісім екі елдің әділет саласындағы серіктестігін жаңа деңгейге көтеріп, тәжірибе мен білім алмасуға жол ашады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар