сейсенбі, 16 шілде, 2024 4:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ақшаны сейфімен ұрлаған». Ақмолада полицейлер күдіктіні ұстады

«Ақшаны сейфімен ұрлаған». Ақмолада полицейлер күдіктіні ұстады
Фото - ашық дереккөзден
Ірі компанияның қазынасын 3 ұры қолды қылған

Ақмолада компания басшысы кәсіпорынның сейфін ұрлап кеткен қаскүнемдерді ұстағаны үшін полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды jambylinfo.kz

Polisia.kz мәлімдеуінше, Ақмола облысы ПД басшылығына жазған алғыс хатында тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен шебер басшылығының арқасында ұрылар сол күні қолға түскені және мүлкінің қайтарылғаны туралы айтылған.

Қылмыс 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып,  металл сейфті ұрлап алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады. Олардың қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр. Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенді, алайда кәсіпкердің айтуы бойынша бұл күндері мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілді, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақшалай сома болған.

Хаттың авторы учаскелік инспектор Бақтияр Балиевке, криминалист Жігер Госманға, аға жедел уәкіл Байкен Жұмағұловқа, анықтаушы Әсел Кудериноваға, Біржан Сал аудандық полиция бастығының орынбасары Дәурен Темірболатовқа лауазымдық міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін алғыс білдірген.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар