Елімізде
Ақтөбеде 10 жасар қыз көлікте тірідей жанып кетті
- авторМағжан Орынбасар
- 28 тамыз, 2024
- 1026

Қайғылы оқиға кеше болған
Ақтөбе облысында 10 жасар қыз автомобиль салонында тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қара жамылған үйдің көршілерінің бақылау камераларынан көліктің аулада тұрғанын көруге болады. Оқиға орын алған кезде қыздың ата-анасы үйде болған.
"27 тамызда Хромтау ауданының Дон кентінде "Ваз"автомашинасының өздігінен жануы орын алды. Автокөліктің салонында қайтыс болған 10 жасар қыз болған. Өрттің себептері анықталуда. Мәйітті табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды",-деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.