Оқиға ERG мекемесінде болған
Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында 35 жастағы қызметкер үсітне найзағай түсіп, ұжымдастарының көз алдында ажал құшқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Диапазон» жазуынша, қайғылы жағдай 8 тамыз күні кешкі уақытта мекеме алдында болған.
- Әріптестерінің сөзінше, кешкі астан кейін ер адам сыртқа шыққан. Осы кезде бәрі терезеден оны найзағай ұрып, құлағанын көрген,- деп жазды басылым.
Жедел жәрдем қызметкерлері қызметкердің жай отынан жан тапсырғанын растаған.