жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда

Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.

Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында Маңғыстау облысында жаңа теңіз портының құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде Қытайдың «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы таңдалған.

Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны шамамен 300 миллион долларды құрайды. Қазір инвестор компания өңірде ресми түрде тіркеліп, инвестициялық келісімге қол қоюға қажетті құжаттарды әзірлеуде.

«Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады. Оны жүзеге асыру жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, көлік шығындарын 18-25% төмендетуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар