Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде Алматы әуежайында ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 25 сәуір, 2024
- 809
23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ұшқыш мефедрон, яғни, есірткі шеккен. Air Astana баспасөз қызметі ақпаратты растады. 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып бара жатып, олардың ұшқышы мас күйінде ұсталған.
«Әуе компаниясы қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына мүлдем қарсы екенін мәлімдейміз. Өйткені қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз. Әуе компаниясы экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз