жексенбі, 5 мамыр, 2024 8:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Аудармашы болған". Жәнібекті сатқан әйелдің кім екені анықталды

"Аудармашы болған". Жәнібекті сатқан әйелдің кім екені анықталды
Анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек. Сурет "1001 түн" бағдарламасының скриншоты
Ол аудармашы болғаны анықталып отыр

Журналист, «Бармысың бауырым» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты жаңа мәлімет айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Қымбат Досжанның айтуынша, Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені 2024 жылдың қаңтарында анықталған.  

«Бірақ, қазірқылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, менің қандай да бір мәлімет айтуға құқым жоқ. Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Яғни, Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. Сіздер ойлағандай, 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы болып жұмыс істеген, - дейді Қымбат Досжан.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында хабарлағанымыздай, Қымбат Досжан Жәнібекті перзентханада 4-5 күн емізіп, ақ сүтін берген әйелді тапқандарын айтқан еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар