жұма, 6 наурыз, 2026 23:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Canva
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Қонаев қаласы әкімдігінің қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оған жер телімдерін беруге қатысты мәселелер негіз болды.

Тексеру барысында жалпы аумағы 150 мың гектар жер телімі тұрғын-ойын-сауық кешенін және зоологиялық паркті орналастыруға берілгені анықталды.

Алайда жер беру кезінде Жер кодексінің талаптары бұзылған. Атап айтқанда, жер телімін бөлу қала бас жоспарының ережелеріне қайшы келген.

Қонаев қаласы әкімдігіне берілген нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған.

Осыған байланысты прокуратура Қонаев қаласының сотына талап арызбен жүгінді. Сот талқылауы барысында Жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері үшінші тарап ретінде қатысып, анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірме берді.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот талап арызды толық қанағаттандырды. Сот шешімімен коммерциялық мақсаттағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар