жұма, 8 мамыр, 2026 20:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды

Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы қаласының полициясы азаматтарды негізсіз қудалаудан қорғау бағытында нақты шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде қала тұрғыны бұрынғы жұбайы тарапынан үздіксіз қудалау фактісі бойынша полицияға жүгінген. Аталған өтініш негізінде полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, қылмыстық іс қозғады.

Тергеу барысында құқыққа қайшы әрекеттерді дәлелдейтін айғақтар толық жиналып, күдікті азамат жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Сот шешімімен ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалып, оған қатысты пробациялық бақылау белгіленді.

Жәбірленуші өз өтінішінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жеделдігін ерекше атап өтті:

- Полицияның дер кезінде әрекет етуінің арқасында қудалау тоқтатылып, өмірімдегі тыныштық қайта қалпына келтірілді, – деп жазылған өтініште.

Өз кезегінде Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім басшысы Елдос Бақбергенов:

- Азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне нұқсан келтіретін кез келген қудалау әрекеттеріне құқықтық тұрғыдан қатаң баға беріледі. Полиция мұндай деректерге жедел ден қойып, азаматтардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, – деп атап өтті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар