Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласындағы тарихи әрі беделді аудандардың бірі – St. James округінің мэрі болып қазақ жігіті Санжар Әбішев сайланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Санжар Әбішев – белгілі кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы. Ол Ұлыбританиядағы беделді оқу орындарының бірі саналатын Malvern колледжінде білім алып, кейін жоғары оқу орнын тәмамдаған.
Сайлау нәтижесі бойынша Санжар Әбішев Лондондағы Westminster City Council атқарушы органының құрамына енді. Ол Консервативтік партия атынан сайлауға түсіп, негізгі қарсыласы – Лейбористік партия өкілінен 350 дауыс артық жинаған.
St. James ауданы Лондонның саяси, тарихи және іскерлік маңызы жоғары аумақтарының бірі ретінде белгілі. Мұнда үкіметтік ғимараттар, сәнді қонақүйлер мен халықаралық компаниялардың кеңселері орналасқан. Сондықтан бұл округтегі басшылық қызмет үлкен жауапкершілік пен жоғары мәртебе саналады.
Қазақ жігітінің Ұлыбритания саясатындағы бұл жетістігі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр. Көпшілік оны шетелде білім алып, халықаралық деңгейде табысқа жеткен қазақ жастарының жарқын үлгісі ретінде бағалауда.
Алматыда сталкинг дерегі дер кезінде тоқтатылды
Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 сәуір, 2026






