Алматы облысының тауларында жоғалған турист аман-есен табылды
- авторБақытжан Бекболат
- 29 желтоқсан, 2025
- 188
Алматы облысының Қарасай ауданындағы таулы аймақта жоғалған туристті Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман-есен тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға 27 желтоқсан күні орын алған. 1998 жылы туған азамат кешкі сағат 19:00 шамасында биіктігі 4400 метрді құрайтын «Жас гвардия» шыңына көтерілу үшін жолға шығып, сол уақытта соңғы рет байланысқа шыққан. Кейіннен оның ұялы телефоны өшіп, туыстары алаңдаушылық білдірген.
Түскен ақпаратқа сәйкес, түнгі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылар жоғалған туристі «Кеңестер шыңы» маңынан тауып, оны «Үлкен Алматы көлі» бақылау-құтқару пунктіне дейін қауіпсіз түрде түсірді.
Құтқарылған азаматтың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






