Жуалылық кәсіпкер мен қаржы ұйымының дауы: 26 миллион теңге қалай өтеледі
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 11:08
- 125
Жуалы аудандық сотында 26 млн теңгеден астам сомаға несие бойынша қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сот анықтағандай, 2024 жылы «А.» микроқаржы ұйымы мен кәсіпкер С. арасында 60 ай мерзімге 25 млн теңге сомасына несие беру туралы келісім жасалған. Кепілге жер учаскесі бар екі қабатты кафе берілді. Азаматша Е. Борышкердің міндеттемелерін орындаудың кепілі болды.
- Шарттың талаптары бойынша борышкерлер қарызды уақтылы өтеуге міндеттенді, бірақ олар өз міндеттемелерін орындамады. Талап қоюшы өз талап қою арызында соттан жауапкерлерден 26 млн теңгеден астам қарыз сомасын және 787 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды бірлесіп өндіріп алуды сұрады. Істі қарау барысында сот тараптарға медиативтік келісімге қол жеткізуге көмектесті, - делінген хабарламада.
Жауапкер алдағы 2 жыл ішінде несиені толық төлеуге міндеттелді.
- Келісімнің талаптары бойынша жауапкерлер қарызды 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ай сайын 1 млн теңгеден, ал 2026 жылғы мамырдан 2027 жылғы наурызға дейін ай сайын 1,4 млн теңгеден өтеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы өз кезегінде талап қоюдан бас тартты. Сот келісімді бекітті, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, ал мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды, - деп мәлімдеді аудандық сот.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Ұқсас жаңалықтар
Жуалылық спортшы ел чемпионатында жүлдегер атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 желтоқсан, 2025






