сейсенбі, 17 маусым, 2025 6:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы тағы да ауасы ең лас қалалардың қатарына енді

Алматы тағы да ауасы ең лас қалалардың қатарына енді
Pixabay.com
Халықаралық IQAir компаниясы жасаған әлемнің ірі қалаларының ауасының тазалығы бойынша рейтингінде Алматы тағы да ауаның ластануы жоғары қалалардың тізімінде аталды.

Биыл мамыр айының екінші жартысында Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі мегаполис 125 қала ішінен 42-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алматыдағы ауа сапасының индексі — 61, бұл орташа ластану деңгейін білдіреді. «Қазгидромет» мамандары Алматыны атмосфералық ауасы жоғары және өте жоғары дәрежеде ластанған қалалар қатарына жатқызады.

Ауаның ластануына басты себеп — автокөлік. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы жылдары Алматы мен Алматы облысындағы көлік саны 28,8%-ға артқан. Биыл мамыр айының басында қала мен оның маңындағы аймақтарда тіркелген көліктер саны 1,4 миллионға жақындаған. Бұл көрсеткішке қалаға күн сайын қатынап жүретін көліктер де кіреді, өйткені маятниктік көші-қон (күнде келіп-кететіндер) ауқымды. Сол себепті трафикке қала маңындағы көліктер де әсер етеді. Осы көліктердің басым бөлігі — ескі. Мәселен, 609,7 мың көлік 20 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді, ал 313,9 мың көліктің жасы — 10 жылдан 20 жылға дейін.

Алматыдағы көлікке байланысты экологиялық мәселені шешу оңай емес. Бұл үшін нақты стратегиялар мен ірі инвестициялар қажет. Ал ең алдымен маятниктік көші-қон мәселесін шешу керек. Алматы маңынан жаңа Алатау мегаполисі бой көтерсе, ол оңтүстік астананың демографиялық және көлікке түсетін салмағын азайта алады. Жаңа қала Smart City қағидаттарына сай жоспарланып жатыр — онда кең даңғылдар, магистральдер, экологияны бақылаудың «ақылды» жүйелері алдын ала ескерілмек. Алатау қаласы Алматы үшін экологиялық буферге айналып, көлік ағынын қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар