Қазақстанда енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады
- авторБақытжан Бекболат
- 30 мамыр, 2025
- 1.3k
Бұл қызмет Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өтінімді eGov порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы беруге болады. Ол үшін қолданыстағы жеке куәліктің фотосы мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Жіберілген мәліметтер көші-қон қызметі арқылы тексеріледі. Егер өтінім дұрыс толтырылмаса, ол жарамсыз деп танылады, бірақ азамат өтінімді қайта жолдай алады.
Қызмет тек келесі жағдайларда ғана қолжетімді:
егер жеке куәліктің жарамдылық мерзімі алдағы 30 күн ішінде аяқталатын болса;
егер құжаттың мерзімі өтіп кеткеніне 10 күннен аспаса.
Бұдан басқа жағдайларда азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тікелей жүгінуі тиіс.
Министрліктердің бірлескен бұйрығы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді. Қызмет 2026 жылғы 31 наурызға дейін қолданыста болады.
Алматы тағы да ауасы ең лас қалалардың қатарына енді
Ұқсас жаңалықтар
Бұғатталған шотты уақытша ашу мүмкіндігі: нені білу керек?
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2026
eGov атын жамылып, алдайды: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
- авторБақытжан Бекболат
- 9 сәуір, 2026






