дүйсенбі, 4 мамыр, 2026 13:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы әуежайында Бангкоктан заңсыз жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді

Алматы әуежайында Бангкоктан заңсыз жеткізілген 11 кг гашиш майы тәркіленді
Polisia.kz
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында еліміздің транзиттік-логистикалық әлеуетін трансұлттық қылмыстық топтардың есірткі трафигі үшін пайдалануына жол бермеу бағытында жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Арнайы тексеру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстанның оңтүстік астанасындағы халықаралық әуежайда есірткі контрабандасының жолын кесті.

- Бангкок - Алматы рейсімен келген 20 жастағы жақын шетел азаматы ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 килограмм болатын гашиш майы салынған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді.

Жыл басынан бері жедел бөліністердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде елімізде есірткі контрабандасының 57 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 286-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі трафигі арналарының жолын кесу, трансұлттық қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою және мемлекеттік шекараны қорғау бойынша жұмыстар жалғасатын болады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар