сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 12:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда ерекше балаға күш көрсеткен орталық қызметкері ұсталды

Алматыда ерекше балаға күш көрсеткен орталық қызметкері ұсталды
Фото: Алматы қалалық Полиция департаменті
Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.

Алматыда кәмелетке толмағандарға арналған түзету мекемесінің қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікке ілінген азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеген.

Құқық қорғау органдары қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

"Бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, куәлар мен іске қатысы бар өзге де тұлғалардан жауап алынады. Тергеу барысы Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде түзету орталығы қызметкерінің кішкентай баламен дөрекі әрекетке барғаны түсірілген видео тараған болатын.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар