Елімізде
Алматыда соққан дауылды жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырын зақымдады
- авторБақытжан Бекболат
- 8 сәуір, 2025
- 191

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
7 сәуір кешкісін Алматыда күшті жел соғып, бірнеше ағашты құлатып, кейбір тұрғын үйлердің шатырын ұшырып кетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сағат 19:30-дан түнгі 2:00-ге дейін найзағаймен бірге нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты.
"Жалпы 28 ағаштың құлау дерегі тіркелді, соның үшеуі тұрғын үйлерге түскен. Сонымен қатар, үш тұрғын үйдің шатырына зақым келіп, бір құрылыс алаңының қоршауы құлаған. Қазіргі таңда табиғат апатының салдары жойылып жатыр", – делінген әкімдік хабарламасында.
Синоптиктердің болжауынша, 9–10 сәуір күндері де Алматыда жел күшейеді. Оның екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін.
Келесі мақала