сенбі, 17 мамыр, 2025 18:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда заңсыз құрылыс жүргізгендер қамауға алынды

Алматыда заңсыз құрылыс жүргізгендер қамауға алынды
Көрнекі фото. Жамбыл облысының әкімдігі
Күдіктілер үлескерлерден 972 млн теңге алған

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы кезінде аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тергеу кезінде «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021-2023 жылдары құрылысқа рұқсатсыз – яғни лицензиясыз, қажетті құжаттарсыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз  жұмыс істегені белгілі болды.

Соған қарамастан, олар «НOME», «НOME Южный», «НOME SAU», «НOME МAK» тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалаған.

Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының міндетті кепілдігі болмағанына қарамастан, олар жарнама арқылы 100-ден астам азаматтан 972 млн теңге жинаған.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Осылайша үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына жүгінген.

- Сот санкциясымен күдіктілердің 240 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың ішінде 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда. Іс сотқа жіберілді,-  делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар