Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздер жүргізді
- авторjambylinfo.kz
- 11 мамыр, 2024
- 501
Залда 1991 жылы Алматы декларациясына қол қойылған болатын, ол ТМД елдерінің тәуелсіз дамуының негіздерін белгілеп, мемлекетаралық шекараларды айқындау қағидаттарын бекітті.
М.Нұртілеу Әзербайжан мен Армения біз үшін жақын бауырлас елдер ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктес екенін мәлімдеп, тараптарға жемісті жұмыс пен сенімді диалог тіледі.
Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары өз сөздерінде Қазақстан тарапына келіссөздер алаңын ұсынғаны және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді.
Кездесу рәсімінен кейін Әзербайжан мен Армения делегациялары екіжақты форматтағы келіссөздерді бастау үшін көрші залға өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз